Оқиға

Бір адам қаза тапты: Румыниядағы қазақстандық мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

  • Бір адам қаза тапты: Румыниядағы қазақстандық мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

    Бір адам қаза тапты: Румыниядағы қазақстандық мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Румыниядағы "Petromidia" "ҚазМұнайГаз" ҰК мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстан бір адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазір нысанда технологиялық процестер тоқтатылды.

 
“2 шілдедеРумынияның Констанца қаласының маңындағы "Petromidia" мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өңдеу қондырғысында оттың тұтануына әкеліп соққан оқиға орын алды”, – деді Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

KMG International компаниясының корпоративтік даму жөніндегі бас директоры Ескендір Әбдібайытовтың хабарлауынша, алдын ала ақпаратқа сәйкес бес адам зардап шекті, бір адам қаза болды.

Дағдарысты басқарудың ішкі рәсімдеріне сәйкес компания барлық ресурстарды жұмылдырды, зауыттағы технологиялық процестер тоқтатылды, барлық қызметкерлер эвакуацияланды.

"Қазіргі уақытта МӨЗ-дегі өрт сөндірілді. Оқиға орнында зауыт пен жергілікті биліктің өртке қызметтері жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда", – деді Е. Әбдібайытов.

Айта кетейік, "Petromidia" МӨЗ-і –  Қара теңіз жағалауында орналасқан және KMG International компаниясының Румыниядағы мұнай өңдеу зауыты.




Көрілген: 784    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 22:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30