Оқиға

Бір ай бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы банк картасының арқасында табылды

  • Фото: СҚО ПД

    Фото: СҚО ПД

1 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа кеткен Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғыны банк картасының арқасында табылды. Бұл оқиғаның егжей-тегжейі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

1 шілдеде Петропавлдың Рабочий ауылының тұрғыны полицияға жүгініп, жоғалған бұрынғы күйеуін табуға көмектесуін сұраған.

 

Тәртіп сақшылары ер адамның достары, әріптестері және көршілерімен сұхбаттасты. Іздеуге еріктілер де қосылды. Кейіннен "102" жедел арнасына дүкендердің бірінде әйел адам басқа біреудің банктік карточкасының шотынан тамақ сатып алу үшін ақша төлеуге тырысқаны туралы сигнал түсті.

 

Тәртіп сақшылары картаның иесі туралы мәліметтер жоғалған адамның мәліметтерімен толық сәйкес келетіндігін бірден анықтады.

 

Көп ұзамай жоғалған ер адам аман-есен табылды.

 

Петропавл тұрғыны осы уақыт ішінде қалада, сондай-ақ қала маңындағы ауылдардың бірінде достарымен бірге болып, туыстарының қоңырауларына нақты жауап бермегені белгілі болды.

 

Ер адам барлық мән-жайларды анықтап, онымен профилактикалық әңгіме жүргізу үшін полицияға жеткізілді.

 

Еске салсақ, Петропавлда Есіл өзенінің жағасында жоғалған 44 жастағы ер адамға іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған едік.

 

Ер адам 18 шілде күні Береговая көшесі маңында "Восточный берег" мейрамханасынан алыс емес Есіл өзенінің жағалауында жоғалған.

 

Оның бойы 170 см шамасында, шымыр денелі келген, қой көзді, қарақоңыр шашты.

 

 




Көрілген: 2335    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 18:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30