Оқиға

Бір жасар қыз түнгі серуеннен кейін Екібастұз ауруханасына түсті

  • Бір жасар қыз түнгі серуеннен кейін Екібастұз ауруханасына түсті

    Бір жасар қыз түнгі серуеннен кейін Екібастұз ауруханасына түсті

1 қаңтарда түнгі сағат екіде үсіп қалған сәби жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтем жасай отырып хабарлайды.

Жедел жәрдем қызметіне қоңырау Солнечный ауылынан түскен.

«Сәбидің анасының айтуынша, 1 жасар қызды түнгі сағат 22:00-де аулаға серуендету үшін шығарған. Үйге келген соң оның оң қолы ісіп тұрғанын байқап, жедел жәрдем қызметін шақырған. Жедел жәрдем қызметі бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қыз баланы травматология бөліміне жеткізген. Ол жерде сәбидің оң жақ қолының саусақтары үсіп қалғанын анықтап, жедел түрде ауруханаға жатқызған. Оған «оң қолдың I-II-IIIA дәрежелі үсігі» диагнозы қойылды. Жағдайы орташа деңгейде. Қазір ол травмотологиялық бөлімде жатыр», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, 1 қаңтарда осыған ұқсас басқа да оқыс жағдайлар болған. Баспасөз хабарламасында жазылғандай, сағат 14:20-да петарданың жарылуы салдарынан 12 жастағы ер бала зардап шеккен. Оның оң қолын бірінші дәрежелі күйік шалып, Екібастұздағы қалалық ауруханаға жеткізілген.




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

сенбі, 02.01.2021, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31