Оқиға

Бір жыл бұрын жоғалған 2 жасар баланың денесі Балқаш көлінен табылды

  • CC0 / Poperopop

    CC0 / Poperopop

Жергілікті тұрғындар Балқаш көлінен баланың денесіне ұқсас затты көрді. Бір тәуліктен соң Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері судан сәбидің мәйітін алып шықты.


Жергілікті тұрғындар құтқарушыларға кеше хабарласыпты.


"Күні бойы сүңгуірлер жұмыс істеді, - деп төтенше жағдайлар департаменті мәлімет берді. – Бірақ қатты ағыстың кесірінен іздеу қиынға соқты. Балқаш жылу электр орталығына хабарласып, су ағысын бәсеңдеткен соң, құтқарушылар мәйітті тауып алды".


Сәбидің денесі ЖЭО коллекторының темір конструкцияларына қысылып қалыпты, ол жерге қоқыс пен бетон бөліктері толып қалған. Полицияның пайымдауынша, бұл бір жыл бұрын жоғалған екі жасар сәбидің денесі.


Еске сала кетсек, балақай Техснаб ауылындағы үйінде жүріп, ізім-ғайым жоғалып кеткен. Іздеуге жергілікті еріктілер, көршілер, полиция, әскерилер мен құтқарушылар жұмылдырылды. Үйдің маңынан баланың шұлғы табылған, оны ит әкелген болуы мүмкін.


Бұл сол сәбидің денесі ме, жоқ па – ДНҚ сараптамасы анықтайды әрі баланың неден көз жұмғаны да белгілі болады.


Ал еріктілер өз парақшасында жоғалған екі жасар сәбидің қаза болғанын хабарлады. Бұл ауданда сол жастағы басқа балалар жоғалмапты.


Sputnik


 




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2019, 09:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31