Оқиға

Бір кеште ережені алты бап бойынша бұзған мотоцикл жүргізушісі ұсталды (видео)

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Әлеуметтік желілерде музыка әуенімен түнгі Атыраудың бос көшелерін едәуір жылдамдықпен кесіп өткен мотоциклшы түсірген ролик пайда болды. Орталық көпірден ТШО-ға қарай түсетін жерде оны жол-патрульдік полиция қызметкері тоқтатпақ болады, бірақ ол жылдамдықты үдете түседі деп хабарлайды azh.kz.

 

Кешікпей 19 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің алты бабы: 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу), 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 596-бабы (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу), 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту), 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) және 613-бабы (Полиция қызметкерінің талаптарын орындамау) бойынша хаттама толтырылды.

 

- Қазіргі уақытта мотоцикл айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты барлық материал әкімшілік сотқа жолданды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 13:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31