Бір топ құс жыланға шабуыл жасап, көзін ойып тастады

29 мамыр 2022, 21:36

Куәгерлер бұл видеоны Оңтүстік Африкада орналасқан Динокенг қорығында түсіріп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бір топ ашулы құс жыланға шабуыл жасады. Рептилия қанаттылар қаумалаған "тұтқыннан" аман шыға ала ма екен? Видеодан көріңіз!

 

Куәгерлер бұл видеоны Оңтүстік Африкада орналасқан Динокенг қорығында түсіріп алды.

 

Құстар жорғалап бара жатқан жыланды қаумалай қоршап, оны шоқып, сес көрсеткені видеоға түсіп қалған.

 

 

Ролик сипаттамасында жазылғандай, құстардың көзі аса қырағы болғандықтан, олар мысық, жылан сынды кез келген қауіпті жылдам байқап қояды.

 

"Әдетте олар қандай да бір қауіпті байқаса, қатты шуылдап, дабылды дыбыс білдіреді. Осылайша құстар басқаларды да қауіп жөнінде хабардар етеді. Түрлі топқа жататын құстар негізінен жыртқышқа тойтарыс беру мақсатында топтасып ұшады", - деп жазылған ролик сипаттамасында.

 

Видео авторының айтуынша, жылан "тұтқыннан" аман шыққанымен, қос жанарынан айырылған.