Оқиға

Бір үйдің 5 баласы көз жұмды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында пәтерде өрт шықты. Үйде бір жастан алты жасқа дейінгі 2 ұл мен 3 қыз болған, бәрі көз жұмды.

 

Оқиға сағат 15.15-те 2-ші шағын ауданда болған. 5-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шықты. Үй заттары мен жиһаз жанды.

 

"Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды. Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмысқа, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық балалар улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. Бірақ біраз уақыттан кейін жан тапсырды", - деп жазылған төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

 

Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

 

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. Психологтар көмек көрсетіп, жерлеу рәсімі ұйымдастырылады.

 

 

Жамбыл облысы ТЖД бастығы, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары Жаңатасқа шықты.

 

Сонымен қатар, Жаңатасқа облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты.

 

 

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 техника жұмыс істегені хабарланып отыр. Өрт толықтай сөндірілген.

 

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні астанадағы Көктал-1 тұрғын алабында, жеке үйдің аумағында уақытша баспана өртеніп кетті. Құтқарушылар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыздың мәйітін тапты. Төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған. Сол түні балалардың ата-анасы жұмыста еді.

 

Бұл трагедия бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, көпбалалы аналар көшеге шығып, өз проблемаларын жеткізді. Қазақстандықтар бес қызынан айырылған отбасыға көмектесу үшін ақша жинау науқанын өткізді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 09:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30