Оқиға

Бір үйдің екі баласы көшеден сатып алған тамақтан уланып көз жұмды

  • https://www.youtube.com/. Көрнекі сурет

    https://www.youtube.com/. Көрнекі сурет

Шымкентте белгісіз заттан уланған бір отбасының екі бірдей ұлы көз жұмды. Тағы бірі ауруханада жатыр.


Қос бүлдіршіннің ажалына нақты не себеп болғаны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша тамақтан улануы мүмкін. Дәрігерлер отбасы мүшелері сығымдалған газдың иісіне тұншыққан деген деректі де негізге алып отыр.


Жексенбі күні бұл отбасында әуелі екі кішкентай құса бастаған. Жағдай ұшыққан соң ата-ана жедел-жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер бүлдіршіндердің асқазанын шайыпты. Тәуір болғасын анасы ауруханаға барудан бас тартты дейді ақ халаттылар.


Алайда таңертегісін жағдай ушығып, кішкентайлардың қатыран анасы мен 12 жастағы қызы да қосылған. Шұғыл жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Бірақ 4 жастағы балғынға араша бола алмаған. Өзге үшеуін таксикология бөліміне жөнелткенмен 11 айлық бөбекті де аман алып қалу мүмкін болмапты. Алғашқы болжам -тамақтан улану.


Полицияға куәлік еткен көршілердің сөзінше отбасы кешкі асқа дүкеннен сатып алған түшпара жеген.


Салтанат, КӨРШІСІ:


Тамақтан деп тұр ғой, папасы айтып отыр тамақтан,- деді.


Гүлмира, КӨРШІСІ:


Иә, түшпара, милициялар солай айтты, тамақтан уланған деді.


Белгісіз заттан уланған бір үйлі жан Алдияров көшесіндегі көпқабатты тұрғын жайда бір жылдан астам уақыттан бері пәтер жалдап тұрады. Отбасылық жатақханада табиғи газ жоқ. Тұрғындар ас-ауқатты сығымдалған газбен әзірлейді. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың бір болжамы - отбасы мүшелері газдан улануы да мүмкін.


Инна ГЛАЗЕБНАЯ. ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Қазір біз сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Олар астан уланды ма жоқ, улы зат тыныс алу жолы арқылы түсті ма, бәрі содан соң белгілі болмақ. Түшпараны бөпесіне де берген. Бірақ анасы кейіннен газ баллонның бұрандасы ашық қалыпты дегенді айтты.


Ал төтенше жағдай мамандары ажал газдан келді дегенге негіз жоқ дейді.


Нұрболат ДЕРБІСОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:


Улы затпен улану мәселесі ол жерде ешқандай анықталған жоқ. Біз қаншама улы зат шыққан жерге барып көреміз, міндетті түрде газдың иісі ол жерде қалады.


Бізге белгілі болғанындай, полицейлер отбасы айтқан дүкеннен 18 қалта тұшпара алып кеткен. Жартылай дайын өнім енді зертханалық тексеруге жіберілмек. Айта кетейін, уланған отбасының 12 жастағы қызы әлі ауруханада жатыр. Ал анасы отбасындағы қаралы жағдайға байланысты тілхатпен сұранып шыққан.


 astanatv.kz




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30