Оқиға

Бірнеше күн көмір алу үшін кезекте тұрған ер адам өзін-өзі өртемек болды

  • Бірнеше күн көмір алу үшін кезекте тұрған ер адам өзін-өзі өртемек болды

    Бірнеше күн көмір алу үшін кезекте тұрған ер адам өзін-өзі өртемек болды

Ер адам бірнеше күн көмір алу үшін кезекте тұрған. Ашуға булыққан ер адам өзін-өзі өртемек болды. Полиция басқармасының мәліметінше, оқиға қаланың сол жағалауында орналасқан теміржол тұйығында болған.

Полицияға  көмір кезегінде тұрған жүргізушілердің бірі көлік жолын жауып тастап, өзін-өзі өртеп жіберетінін айтып, қорқытқаны туралы хабарлама түскен.

Ер адамның Ұлан ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол бірнеше күн көмір кезегінде тұрған.

«Полицейлер ер адамнан канистраны тартып алып, сабырға шақырды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен сатушы компания оған көмірді кезексіз беру жайлы ұсыныс жасады. Кезекте тұрған басқа азаматтар бұған қарсы болған жоқ» делінген ақпаратта.

Жолды жауып, өзге көліктердің жүруіне кедергі келтіргені үшін Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК (1 АЕК – 2917 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

aikyn.kz




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.11.2021, 10:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31