Оқиға

Букмекерлік конторада ұтылған түркістандық суицидке барды

  • Букмекерлік конторада ұтылған түркістандық суицидке барды

    Букмекерлік конторада ұтылған түркістандық суицидке барды

Түркістан полициясы букмекерлік контораның жұмысына шектеу қойды. Себебі, аталған контораның клиенті өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнде Келес аудандық полиция бөліміне ауруханадан хабар келіп түскен, онда денесіне және қолына салынған жарақаттармен жас жігіт жеткізілгендігі айтылған.

Белгілі болғандай, Келес ауданының тұрғыны суицидке баруға талпынған. Оған букмекерлік конторалардың бірінде ақшасынан ұтылып қалуы себеп болған. Бір жарым ай ішінде 180 мың теңгесінен ұтылған ол, үйінде өзіне пышақ жарақатын салған.

Аталған факті өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша тіркелді.

Сондай-ақ ер адам заңсыз қызметі үшін букмекерлік контораны жауапкершілікке тарту жөнінде полицияға арызданды. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары аудан орталығындағы ғимараттың бірінен букмекерлік контораны анықтап, ол жерден компьютерлік техниканы, қолма-қол ақша мен өзге де заттай айғақтарды тәркіледі.

Заңсыз ойын қызметі фактісі бойынша күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2020, 23:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30