Оқиға

Бұлшық етін өсірмек болған: Ақмола облысында төрт жасөспірім комаға түсті

  • Бұлшық етін өсірмек болған: Ақмола облысында төрт жасөспірім комаға түсті

    Бұлшық етін өсірмек болған: Ақмола облысында төрт жасөспірім комаға түсті

Оларды ауруханаға бірнеше жедел жәрдем бригадасы жеткізді


Ақмола облысы Ерейментау аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне төрт кәмелетке толмаған бала түсті. Олар ұйқыға жатарда 15-тен финлепсин таблеткасын ішіп, бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.


Жасөспірімдер аудандық ауруханаға таңертең сағат үштен кейін бірінен кейін бірі түскен. Олар 16, 14 және 13 жаста. Бәрі Олжабай батыр ауылында тұрады.


Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар ауыр жағдайда болған, қатты уланғаннан денелері құрысып, жүйке жүйесі зақымданған.


"Жасөспірімдер финлепсин препараты арқылы бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды. Әрқайсысы 15 таблеткадан ішкен", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.


Балаларға дәріні ауруханаға түскендердің бірі берген. Айта кетейік, ол "эпилепсия" диагнозымен диспансерде есепте тұрады.


Қазіргі таңда жасөспірімдер жан сақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде жатыр. Балалардың бірі есін жиды.


Финлепсин препараты эпилепсияны емдеуде, соның ішінде науқастың ұстамасы ұстаған жағдайда қолданылады. Осыдан кейін дәрі ұлдардың бірінің қолына қалай түскені айтпаса да түсінікті болса керек. Препаратты мөлшерден тыс тұтыну жүрек пен бүйректің жұмысын, қан түзу, тыныс алу жүйесін бұзады. Бұлшық етті өсіру әсері дәрігерлерге белгісіз.


 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.05.2019, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30