Бурабайда қонақүй өртеніп, жүзден аса адам эвакуацияланды

07 тамыз 2023, 09:09

Бурабайдағы «Алматы» қонақ үйінің ғимаратынан өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

«Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері барып, 3 қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz