Оқиға

Бурабайда шомылып жүрген екі баланы толқын көлдің ортасына алып кеткен

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облысының Кіші Шабақты көлінде екі бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, үрлемелі бассейнде болған 7,5 жасар екі баланы толқын көлдің ортасына алып кеткен. Желдің қатты болғанына қарамастан балалар құтқарушылар келгенше бассейнге жармасып, ұстап тұрды.

 

 

«Сағат 18:53 шамасында Бурабай ауданының Кіші Шабақты көлінде кәмелет жасына толмаған екі баланы толқын жағадан алып кеткені туралы хабар түсті. Айтылған жерге мобильді құтқару бекетінің құтқарушылары Ерлан Жапаров пен Ерсін Нұрақай жетті. Құтқарушылар 2012 және 2015 жылғы баланы қайыққа отырғызып, жағаға алып шығып ата-анасына тапсырды» дейді құтқару жасағының бас құтқарушысы Еркін Төлепбергенов.

 

Айта кетейік, таяуда Бурабай ауданының Кіші Шабақты көлінде судан құтқару бекеті ашылған болатын.


 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 18:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31