Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бурабайда тауға көтерілмекші болған жігіт тайып кетіп, аяғын сындырып алды

30 маусым 2023, 16:55

Бурабайлық құтқарушылар Атырау облысынан келген жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 
«Көкшетау» тауына көтерілмекші болған 2010 жылғы жас жігіт тайып кетіп, аяғын сындырып алған. Оқыс оқиға кеше болған. Белгілі болғандай, жәбірленушінің жанында анасы мен інісі болған.

Қуанышқа орай, Атырау облысынан келген қонақтар үшін оқиға орнына Бурабай ауылының №7 Жедел-құтқару бөлімшесінің құтқарушылары дереу қастарынан табыла білді. Қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен жасөспірімді жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Ақмола облысының ТЖД таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады, - делінген ведомство хабарламасында.