Оқиға

Бұрынғы әйелін қызғанған алматылық бөтен көлікті қиратты

  • Бұрынғы әйелін қызғанған алматылық бөтен көлікті қиратты

    Бұрынғы әйелін қызғанған алматылық бөтен көлікті қиратты

Алматыда бұрынғы әйелімен жанжалдасып, нәтижесінде көлікжайда тұрған көліктердің бірін қиратып кеткен ер адамға 481 000 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың сайтына сілтеме жасап.


Соттағылардың мәліметінше, ер адам сол күні ресми түрде ажырасқан әйелінің үйінде болған.


"Әйелінің телефонынан бейтаныс біреуден хабарлама келгенін көріп қалып, қызғаныштан жанжал шығарып, артынша телефонын тартып алып, оны аулаға лақтырып жіберген. Кейіннен көлікжайға барып, сонда тұрған көліктің бірінің кузовы мен әйнегін соққылап қиратып, оқиға орнынан жасырынған", - деді соттағылар.


Ер адам сотта кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұраған.


Осылайша, соттың үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігі бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") айыпты деп танылып, оған 200 айлық есептiк көрсеткiшi мөлшерінде, 481 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жұма, 29.03.2019, 21:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31