Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бұрынғы сенат депутатының ұлы Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте қайтыс болды

28 желтоқсан 2017, 09:38

"Болашақ" бағдарламасының магистранты, Қазақстанның бұрынғы сенаторы Ермек Жұмабаевтың ұлы – Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте қайтыс болды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Нью-Йорктегі біздің бас консулдықтың жәрдемімен марқұмның денесі бүгін түнде Қазақстанға жеткізілді. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, жүрегі тоқтап, көз жұмған", — деп хабарлайды ведомство.

Асқар Жұмабаев "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып жүрген. Әкесі Ермек Жұмабаев 1995-2014 жылдары Қазақстан сенатының депутаты болған.