"Бұттарыңа суық тиеді". -32 градуста желең билеген қыздар сынға қалды

05 наурыз 2022, 12:39

Бейнежазбада жеңіл киінген үш бойжеткен күннің суығына қарамастан секеңдеп билейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Ертең менен емес, сенен деп жүрмекші ғой". Дәл осындай жазбамен әлеуметтік желіде тараған видео көптің қызу талқысына түсті.

 

Қыздардың бірі ұялы телефонын көрсетеді. Ондағы ауа райының сынап бағанасы -32 градус деп тұр. Кейін бойжеткендер бөкселерін бұлтыңдатып билейді. Сол сәтте бірі қарға құлап, дым да жаурамағанын айтады.

 

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=85bdf2be-ba28-4be3-a01a-bae49f240322&amp;fpc=317d382d-773b-4c20-8699-614327d43550" class="aitube-embed" width="560" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

 

Бейнежазбаны көргендердің бірі олардың денсаулығына алаңдаса, енді бірі қыздардың бұл әрекетін ессіздікке балады. Ал кейбірі ауа райының тым осындай суық екеніне күмәнмен қарады.

 

"Еріккендер. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді...", "Енді бұл қыздардың жасағаны дұрыс емес. Бірақ жаурайтын да, ауыратын да солар. Біреуде не шаруалырыңыз бар?", "Бұл бикештердің ата-анасы қайда екен? Жастық шағым, мастық шағым емес пе екен?", "Жын кірген бе бұларға?", "Бұттарыңа суық тиеді", "Несіне мәз боласыңдар? Ертең бала көтермей қаласыңдар ғой. Бұларың не?", "Денсаулығын құртып алса, ешкімге керек болмай қалатынын білмейді ме?", "Бұттарың үсіп қалатын болды ғой" деп жазды желі қолдаушылары.