Оқиға

"Біз өртеніп жатырмыз": Бір топ құспен соқтығысқан ұшақ жолаушыларына билет ақшасын қайтарып береді

  • "Біз өртеніп жатырмыз": Бір топ құспен соқтығысқан ұшақ жолаушыларына билет ақшасын қайтарып береді

  • "Біз өртеніп жатырмыз": Бір топ құспен соқтығысқан ұшақ жолаушыларына билет ақшасын қайтарып береді

Апатты жағдайда қонған SCAT әуе компаниясы ұшағындағы жолаушылардың билеті толығымен кері қайтарылады. Бұл туралы  компанияның баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Almaty.tv" арнасына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Атырауда тұрғылықты жері жоқ жолушылар оқыс оқиға болған сәттен кейін бірден қонақ үйге орналастырылған. Оларға 3 мезгіл тамақ пен қонақ үйдің  ақшасын әуе компаниясы төлеп жатыр. Еске салайық, кеше түнде Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшпақшы болған SCAT әуе компаниясының ұшағы биікке көтеріліп, апатты жағдайда әуежайға қайтадан қонған еді. Ұшақ қозғалтқышына құс кіріп, құрылғы істен шыққан.

 
"Қазір апатты жағдайда қонған ұшаққа зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы қашан дайын болатынын айта алмаймыз. Билеттерін кері қайтаруын сұраған жолаушылар үшін ешқандай айыппұлсыз ақшалары кері қайтарылады. 31 жолаушы Нұр-Сұлтанға жету үшін бірден басқа рейске ауыстырып беруін сұрады. Басқа жолаушылар нақты шешім әлі қабылдамады", &ndash деді SCAT әуе компаниясының баспасөз хатшысы Виктория Старожилова.

Еске салайық, SCAT авиакомпаниясының Атырау - Нұр-Сұлтан ұшағы ірі құстар тобымен соқтығысты. Жолаушылардың бірі түсірген кадрлар желіде жарияланды. 

SCAT баспасөз қызметі Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқанда ұшақтың үлкен құстармен соқтығысқанын айтты.

Ұшақ командирі Иван Карпович әуежайға оралуға шешім қабылдады. Қону қалыпты режимде орындалды. Ұшақ бортында 115 жолаушы болған. 




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 08:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31