Оқиға

Дәретханаға тасталған баланың анасына қатысты тың дерек жарияланды

  • Дәретханаға тасталған баланың анасына қатысты тың дерек жарияланды

    Дәретханаға тасталған баланың анасына қатысты тың дерек жарияланды

"Мой город" газетінің хабарлауынша, ауылдың 31 жастағы тұрғыны жүктілігін жасырған, оның аяғы ауыр екенін ешкім сезбепті.

Белгілі болғандай, қызының қансырап жатқанын көрген анасы жедел жәрдем шақырған.

Алайда, әйелдің өзі ауруханаға жатудан үзілді-кесілді бас тартты. Осы кезде көршісі көшедегі дәретханадан баланың жылаған дауысын естиді. Ол бірден полиция мен жедел жәрдем шақырды.

Әйел жүктілігін жасырып келген. Баланың жолы болды, ол нәжіске батпаған, шұңқырдың бір қабырғасына қарай түсіпті. Дәрігерлер баланы шұңқырдан шығарып алып, жылытып, ауруханаға жеткізді, рентгенге түсірді, өкпесі таза болып шықты, - дейді Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері Анар Доспаева.

Айта кету керек, әйел мемлекеттік мекемелердің бірінде еден жуушы болып жұмыс істейді және соңғы күнге дейін жұмыста болған. Оның жүктілігі туралы әріптестері де, жақын туыстары да білмепті. Ол бұрын тұрмыста болмаған, дегенмен 10 жасар баласымен анасының қолында тұрады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы, "Қауіп-қатерде қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

sn.kz




Көрілген: 1879    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 20:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31