Дәрігерлер ер адамның асқазанынан бір келіден астам шеге алды

03 қазан 2021, 16:55

Литвада, Клайпеда университетінің ауруханасында дәрігерлер ер адамның асқазанынан бір келіден астам шегелерді, бұрандаларды және басқа бөгде заттарды алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам алкогольден бас тартқаннан кейін бір ай ішінде металл заттарды жұтып жүрген. Операция кезінде алынған заттардың кейбіреулерінің ұзындығы 10 см-ге дейін жететін көрінеді. Хирург Сарунас Дайлиденас мұны "ерекше жағдай" деп атады. Ота 3 сағатқа созылған.

 
Ауруханада түсірілген фотосуретте металл заттарға толы хирургиялық ыдыс көрсетілген. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының мамандары жақында жеті жасар қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алғаны айтылған еді. 

Stan.kz