Оқиға

Демалып жүрген әйел 8 жасар қызымен бірге суға батып кетті

  • https://pchelkka.livejournal.com/

    https://pchelkka.livejournal.com/

Бұқтырма өзенінде 27 жастағы әйел мен оның сегіз жасар қызы көз жұмды. Шығыс Қазақстан облысының полициясы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Қайғылы оқиға 29 маусымда Алтай ауданында болды, деп хабарлады yk-news.kz порталы.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кешкісін №3 өрт сөндіру бекетіне полициядан хабар келген. Тәртіп сақшыларына Зубовка елді мекенінің маңындағы Бұқтырма өзенінен суға батып кеткен әйелдің денесін шығаруға көмек қажет болған.

 

"Дене судан сағат 19:30-да шығарылды. Белгілі болғандай, сол күні шамамен сағат 14:00-де бірнеше адам Малеевка ауылындағы өзен жағасында демалған. 2013 жылы туған қыз суға құлап кетіп, оның артынан өзенге анасы түскен, екеуі де батып кетті", - деді Алтай ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Азамат Әбдірахманов.

 

Іздеу жұмыстары 30 маусым күні таңертең жалғасты. Құтқарушылар өзен түбін сүзіп шығып, он екі шақырымнан кейін баланың денесін тапты. 

 

Қазіргі уақытта полицейлер құтқарушылар мен құқық қорғау органдарына неге қайғылы жағдай туралы ешкім хабарламағанын анықтап жатыр.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 875    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.06.2021, 20:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30