Оқиға

Денесі шұңқырдан табылды: СҚО-да оқушы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

  • Денесі шұңқырдан табылды: СҚО-да оқушы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

    Денесі шұңқырдан табылды: СҚО-да оқушы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы қыз су жиналатын шұңқырға жұмбақ жағдайда батып кетіп, көз жұмды.

Денесі шұңқырдан табылды: СҚО-да оқушы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.


Қайғылы жағдай Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында орын алған. Жоғары сыныпта оқитын қыз 13 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі хабар-ошарсыз кетіпті.


Артынша қыздың туыстары дабыл қағып, полицияға жүгінген. Полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар оқушы қызды іздестіріп, ертесі күні оның денесін су жиналатын шұңқырдан тауыпты.


СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер қыздың денесінде күштеп өлтіру белгілері жоқ екенін айтты. Марқұмның сырт киімі мен ұялы телефоны шұңқырдың шетінен табылған.


«Мәйітті сою нәтижесі де қылмыстық сипаттағы өлтіру белгілері жоқ екенін көрсетті. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеу тізімдемесіне енгізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді полициядағылар.


Сонымен қатар ведомстводағылар көз жұмған қыз бен оның отбасына оң сипаттама берді.




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 11:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30