Оқиға

"Денесінің 95 пайызы күйген": Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясында жарылыс болып, жұмысшылар зардап шекті

  • "Денесінің 95 пайызы күйген": Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясында жарылыс болып, жұмысшылар зардап шекті

Теміртаудағы "Арселор Миттал" компаниясындағы жылу орталығында жарылыс болды. Денекерлеу жұмысы кезінде апатта от тұтанып, екі адам оңбай күйіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Апат бүгін таңертең болған. Ыстыққа жақын тұрған бояу құйылған бөшке жарылып, арты қызыл жалынға ұласыпты. Осы кезде цехте болған екі жұмысшы оттан қашып үлгермеген.

 Орталықтағы жөндеу жұмыстары тоқтап, апат салдарын тексеруге арнайы комиссия аттанды. Денесін күйік шалғандар ауруханаға шұғыл жеткізілген. 50 жастағы азаматтың кеудесі мен қол-аяғы өртке шарпылған. Ал 51 жастағы екінші жұмысшының денесінің 95 пайызы күйіп, ол ес-түссіз жатыр.

"Ауыр және терең күйік алған. Теміртау қаласының ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақатының ауырлығына байланысты жолды көтере алмайтындықтын, Қарағандыға әкеле алмадық. Сол жерге білікті мамандарды жібердік. Денесінің 25 пайызы күйген екінші науқасты Қарағандыға жеткіздік", - деді Қарағанды облысы ДСБ ахуалдық орталық меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Stan.kz




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 01:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31