Денсаулық сақтау министрі ШҚО-дағы жедел жәрдем дәрігерлерінің өлімі туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан қайтыс болған жедел жәрдем дәрігерлерінің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің атынан және өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қайтыс болған дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметінің фельдшерлерінің отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", - деп жазды Цой өзінің Instagram парақшасында.
Ол медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мәселелері туралы айтты.
"Науқастың өмірін сақтау үшін жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері мен санитарлары - Азилханов Болат Капсаметұлы және Габдуллин Бейбіт Төлеуғазиұлы тірі қала алмады. Болған жағдай медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін басты назарға алудың маңызды екенін көрсетті. Ауруханада жатқан жүргізушінің тез сауығып кетуін тілеймін", - деп толықтырды бөлім басшысы.