Оқиға

Джипті блокбекеттен "қоңырау" арқылы өткізген полицейлердің видеосы пайда болды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Такси жүргізушісі "қоңырау шалу" арқылы блокбекеттен қара джипті өткізген полицейлерді видеоға түсіріп алды. Кадрларға қарағанда, оқиға Ақмола облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Мына машина менімен бірге келді. Полиция қызметкері телефонды алды, қазір оны өткізіп жібереді. Мен ресми таксиде істеймін, тіпті ТЖ кезінде біз өтіп жүрдік. Ал қазір карантин кезінде бізге жүруге рұқсат жоқ. Мен салық төлеймін, ал бұл адам қоңырау шала салды", - деп наразылығын білдірді Instagram-да жарияланған видеоның авторы.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CDCH7SwpRjy/

 

Кей Желі қолдаланушысы джип жүргізушісі мен полицейлерді қолдап, пікір қалдырған. Біреуі авто жүргізушісі осы ауданда тұрады деп болжаса, басқасы қонақ үйге қоңырау шалып, нөмірі брондалғанын дәлелдегісі келген шығар деді.

 

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі қолдаланушысының видеосы зерттеліп жатыр. Автокөлік иесі мен көлік құралының курорттық аймаққа өту себебі анықталады", - деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Еске салайық, Ақмола облысының аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін 11 блокбекет қойылды. Бурабай ауданы ерекше бақылауда, мұнда 6 бекет шоғырланған және 7 мобильді топ жұмыс істейді. Зеренді және Ерейментау аудандары да келушілер үшін жабылды. Соңғы бақылау-өткізу пункттері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан. 




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 12:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30