"Дом полный". Есімі ерекше әйел жұртты таңғалдырды

07 мамыр 2022, 17:08

Әлеуметтік желіде тойда жұлқына билеген әйелдің видеосы тарады.
Бейнежазба Instagram-дағы Qazq.jerinde парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.


Бейнежазбада той болып жатыр. Ортада сары көлек киген егделеу әйел жұлқына билеп жүр. Тіпті ерекше қимыл жасап жастардан кем түспейді.

Әуен тоқтаған кезде асаба әзілдеп әйелдің есімін сұрайды. Ол "Дом полный" деп жауап берді. Асаба алғашқыда түсінбей қалып, кейін әйелдің есімі Үйтолған екенін біліп, оның тапқырлығына риза болды.

Жасы келсе де әзілқой әрі күш-қуаты тасып тұрған әйелге оқырмандар риза болып, пікір қалдырған.