ДСМ: Коронавирус пен пневмониядан 3 науқас қайтыс болды

10 наурыз 2021, 09:41

ДСМ баспасөз қызметі 2021 жылдың 10 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.
10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам коронавирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 230 адамның жағдайы ауыр;
  • 56 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.

2021 жылғы 8 наурыздағы мәлімет бойынша 4 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 203 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 49 581, өлім жағдайлары - 647, барлығы 44 188 адам сауығып шықты.

BAQ.KZ