Оқиға

Дүкеннен кәмпит ұрлап, сүйіктісіне сыйламақ болған жігіт қоғамдық жұмыстарға жегілді

  • © Polisia.kz.

    © Polisia.kz.

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Raffaello тәттілерін ұрлаған, енді ол қоғамдық жұмыстарға тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Ер адам дүкеннен Raffaello тәттілерін ұрлап, сүйіктісіне сыйламақ болған.

 

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында ұрлық жасады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 187-бабының 1-бөлігі бойынша азамат кінәлі деп танылды. Ер адамға 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалды.

 

Бүгінде айыпталушы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінде қар күреумен айналысып жатыр.

 

«Қоғамдық жұмыстар жазаның тиімді түрлерінің біріне жатады, онда сотталған адамның құқықтары ең төменгі дәрежеде шектеледі. Осылайша, сотталған адам қоғамнан оқшауланбайды, жұмыс немесе оқу орнын шықпайды, оның отбасы мүшелерімен байланысы үзілмейді, ол қаржылық ауыртпалықты көтермейді, демек, отбасы бюджетіне қаржылық жүктеме жоқ. Екінші жағынан, сотталған адам қоғамдық жұмыстарды тегін орындайды, оған еңбек өтілі есептелмейді, демалыс күндері немесе еңбек демалысы кезінде жазасын өтеуі керек, ең бастысы, ол бұл жұмыстарды өзінің заңсыз, қылмыстық әрекеттері үшін атқаратынын түсінеді», &ndash деді өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Қосжанов.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 00:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30