Оқиға

Египетке демалуға барған өскемендік отбасы қиын жағдайға тап болды

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Египетте демалып жүрген өскемендік он жеті жастағы бозбаладан коронавирус табылып, елге қайта алмай отыр. Екі аптадан кейін оның шетелде визасыз болу мерзімі аяқталады.

 

Төрт адамнан тұратын отбасы Мысырда демалған. Жолға шығардан бір күн бұрын барлығы ПТР тест тапсырады. Отбасындағы үлкен ұлдан коронавирус табылғандықтан, оған ұшаққа отыруға рұқсат бермеген. Алайда балада аурудың ешқандай белгісі болмаған.

 

Туроператор өкілі ата-анаға бала қонақ үйде қалып, қайта тестілеудің нәтижесін күту керектігін айтады. 17 жастағы бозбала бұған дейін басқа елдерге өз бетінше ұшып жүргендіктен, ата-анасы солай жасауға шешім қабылдайды.

 

Алайда бала өздігінен орала алмайтын болып отыр. Себебі "Эйр Астана" және "Скат" тасымалдаушы компаниялары кәмелетке толмаған баланы ұшаққа отырғызудан бас тартқан. Олар ата-анасы ұшып келіп, ұлын алып кетуі керек дейді.

 

-  Ал жақын уақытқа Египетке билет жоқ: барлық рейс толып қалды, - дейді "Премьер Тур" туристік агенттігінің директоры Валерия Топольняк. - Баланың екінші тесті де оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар аурудың белгілері пайда болып, дене қызуы көтерілді. Оны ешкім емдеп жатқан жоқ, ол өз қаржысы есебінен қонақүй бөлмесінде отыр, тек есіктің астынан су салынған қорап берген.

 

Бұл жағдайға Қазақстанның сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. Ресми өкіл Айбек Смадияров баланың жағдайы жақсы екенін хабарлады. 

 

"5 сәуірде қайта тест тапсырады. Әзірге қонақүйде карантинде болады, тамақпен қамтамасыз етілді, барлық шығынды қонақ үй көтереді, виза 20 сәуірге дейін жарамды. Ата-анасы хабардар, барлығы бақылауда. Біз жұмыс істеп жатырмыз, жерлесіміз назардан тыс қалған жоқ", - деп ол Facebook-тегі жазбаның астында мән-жайды түсіндірді.

 

 

altaynews.kz




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 20:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31