Оқиға

Екі аяғы жоқ қазақстандық альпинист әйел Эверест шыңын бағындырды

  • © Sputnik / В. Божуков

    © Sputnik / В. Божуков

Астаналық Мария Әуезова Эверест тауын бағындырды. Оның басты жетістігі сол, әлем бойынша екі аяғы жоқ әйел болып, бірінше рет базалық лагерьге шығып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

 

"Бұл мүмкін емес!". Бәрі осылай айтатын. Бірақ біз көздеген мақсатымызға жеттік! Иә, өте ауыр жол болды! Денем ауырды, қара терге түстік. Бүйрек те істемей қала жаздады. Өйткені қатты суық болды. Дегенмен, осының бәрін жеңіспен аяқтадық! Өзімді де, қорқынышымды да жеңдім!", – деп жазды Әуезова Instagram парақшасында.

 

Мария осы сапарға бір жарым жыл дайындалған. Оған кәсіби альпинист Вадим Цхе көмектесті. Жолдасы Мұрат Әуезов те әрдайым жанында болды. Осы жолғы экспедиция 10 күнге созылды. Мария Әуезова күн сайын 300 метрді артқа тастап отырды. Бас кезінде ауаның жетіспеушілігі байқалды. Бірақ кәсіби альпнистің көмегімен сапар сәтті өтті.

 

"Мария әлем бойынша аяғы жоқ әйел ретінде бірінші болып осындай ерлік жасап отыр... Тәртіп, бейнеті көп еңбек, өзіңмен жұмыс жасау, көл болып аққан жас, торығу... Дегенмен, аяққа қайта тұрып, жолды жағастыру армаңына деген адалдық күш береді, өзіңе сенуге көмектеседі", – дейді альпинист Вадим Цхе.

 

Эверестке шыққанда қазақстандықтар өзге елдің біраз азаматтарын кездестірді. Барлығы таңқалып, қайдан келгенін сұрады. Сол кезде олар мақтанышпен Қазақстаннан екенін айтқан.

 

 

Мария Әуезова алты жыл бұрын қатты ауырып, екі аяғынан айырылып қалған. Содан көп қозғалмай, артық салмақ жинай бастады. Бионикалық протезді киюге деген үміті үзіле бастады. Сол кезде ол альпинст Вадим Цхемен танысты. Жаттығумен айналыса бастады. Сөйтіп, Бурабайда бірнеше тауды бағындырды.

 

Марияның ендігі мақсаты – протез киіп, Эверест шыңын тағы бір рет бағындыру.

 

 

 

 




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 00:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30