Оқиға

Екі күн бұрын жоғалған 47 жастағы азаматтың денесі Сырдариядан табылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қызылорда қаласында 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ол 14 маусымнан бері хабарсыз кеткен.

 

Сүңгуірлер 15 маусымда 13.00-тен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысынан 1,2 шақырым аралықта іздеу жұмыстарын жүргізді.

 

«Құтқарушылар Талсуат елді мекеніне дейін моторлы қайықпен су бетімен 15 шақырым аумақты қарап шықты. Сондай-ақ«Ягодка» саяжайына іздестіру жүргізілді. Ол күні 20.33 минутта іздестіру шарасы уақытша тоқтатылды. Бұл жұмыстар 16 маусымда таңғы сағат 05.30-дан бастап қайта жалғасты. Нәтижесінде сағат 16.30-де оның мәйіті судан шығарылып, туыстарына табысталды», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

 

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмыстарына барлығы 15 адам мен 6 автокөлік, оның ішінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 8 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды.

 

Жыл басынан бері облыcта 19 адам суға кеткен. Оның 13-і бала.

 

Қызылордада жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті.

 

 




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31