Оқиға

Екі сәби мен бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Мереке күндері Қазақстанда екі сәби мен бір бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.


Құтқарушылардың мәліметінше, 9 мамырда Өскемен қаласы Қазақстан көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден қараусыз қалған 2015 жылғы қыз құлап кетіп, ауруханаға түсті.


12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылындағы он қабатты үйдің үшінші қабатынан 2001 жылы туған бойжеткен абайсызда құлап кетіп, ауруханаға жатқызылған.


Қарағандыда Күзембаев көшесі бойындағы үйдің үшінші қабатындағы терезеден 2015 жылы туған бала құлап кетіп, көз жұмды.


Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті атап өткендей, мұндай жазатайым оқиғалар көбінесе үлкендер балаларды қараусыз қалдырған кезде болып жатады. Төтенше оқиғаның алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау қажет.


Sputnik


 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 22:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31