Екібастұз әкімінің орынбасары ұсталды

30 қыркүйек 2021, 18:33

Әлеуметтік желілерде Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Әкімдік шенеуніктің куә беру үшін ұсталғанын растады, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Бұған дейін павлодарлық kerek.pv паблигі Екібастұз қалалық әкімдігінің үш қызметкері ұсталғанын хабарлаған еді: олар әкімнің орынбасары мен оның қарамағындағы екі шенеунік.

 

Бүгін әкімдік бұл ақпаратты растады.

 

Біз түсініктеме бере алмаймыз, өйткені біз өзіміз ештеңе білмейміз, бізге ақпарат берілмеді. Менің білетінім, олар куә беру үшін ұсталды, деді Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Шырын Қайырбекқызы.