Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Екібастұзда инкассатор көлігі өртке оранды

30 қазан 2020, 08:14

Жолдың ортасында тұтанған көліктің ішінде ақша болған жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Әуезов көшесінде отқа оранған көлікті сөндіруге алты өрт сөндіруші мен бір техника  жұмылдырылған. Олар өртті сегіз минуттың ішінде ауыздықтады.

 

- Өрт сөндірушілер бара жатқанда машинаның жанында жүргізуші ғана тұрған, инкассаторлар да, ақша да болған жоқ. Ашық алаңда «Газель» көлігінің  алаңы төрт шаршы метрді құрайтын салоны мен мотор бөлігі толығымен жанып кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деді төтенше жағдайлар департаментінде.

 

Алдын ала болжам бойынша, қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталу өрттің шығуына себеп болған.

 

Автокөлік «Халық Банкі» АҚ-ға тиесілі.

<iframe name="instframe" width="500" height="340" src="https://www.instagram.com/p/CG7f_HGHPd9/embed" frameborder="0"></iframe>