Екібастұзда жоғалған бала Шымкентке бара жатқан пойыздан табылды

04 мамыр 2022, 09:47

Павлодар облысының полицейлері жоғалған баланы тапты, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

3 мамырда сағат 13.00-де 8 жастағы бала Екібастұз қаласындағы музыка мектебінің алаңына серуендеуге шыққан. 1 сағаттан кейін анаcы ұлын іздеп, таба алмаған.

Әйел бірден полицияға қоңырау шалған. Жеке құрам, соның ішінде желілік полиция дереу жұмысқа кіріскен.

Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған бала Павлодар - Шымкент бағытындағы пойыздан, Шідерті станциясының маңынан табылған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы пойыздан түсіріп, Екібастұзға әкеткен.

kaz.tengrinews.kz