Екібастұзда оқушы қыз жоғалып кетті

26 сәуір 2022, 23:28

Қыз бала 25 сәуір күні белгісіз бағытта үйден шығып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушыны еріктілер мен полиция іздейді.

- 17 жастағы Екатерина Песляк шамамен таңғы жетіде Энергетиктер көшесі, 116/4 мекенжайы бойынша үйден шыққан, - деп хабарлады «VITA» іздеу жасағында. – Қара көк күрте, қара джинсы, қара-жасыл қысқа бәтеңке киген.

 

Жасөспірімнің белгілері - бойы 160-170 см, шашы қара-қоңыр, бұйра, иығына дейін, көздері қоңыр. Оң жақ қасы жартылай қырылған.

 

Іздеушілер жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат  белгілі болса, 7 778 295 97 55 (Самал), 7 747 615 55 63 (Катерина) немесе 102 нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.