Оқиға

Экстрасенс Түркістанның тауында жоғалып, табылмай жатқан екі студенттің тірі екенін айтты

  • Фото: facebook.com / Шамиль Рафиков

    Фото: facebook.com / Шамиль Рафиков

Экстрасенс Түркістанның тауында жоғалып, табылмай жатқан екі студенттің тірі екенін айтты.

 

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмыстарына алғашқы күннен бастап қатысқан құтқарушы Шамиль Рафиковтің айтуынша, экстрасенстер екі жігіттің туыстарына олардың қайда болуы мүмкін айтқан.

 

Альпинизм және тау-шаңғы спорты бойынша нұсқаушы, таудағы құтқарушы Шамиль Рафиков бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

 

«Іздеу жұмыстары жалғасуда. Енді курстастарының өтінішімен жоғалып кеткендерді Өгемнің жоғарғы жағынан іздеуге ұшып шықтық. Экстрасенстер табылмаған екі турист үш жігіт табылған жерден жоғары орналасқан үңгірде екенін, олардың тірі екенін айтқан. Аумақта жаяу жүріп, іздеу аймағындағы үңгірлерді қарап шықтық. Әзірге нәтиже жоқ», – дейді Шамиль Рафиков.

 

Бұған дейін Түркістан облысында 7 турист жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 3439    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 18:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31