Елорда әкімдігі қоршауға алынды: тұрғындар вакциналауға қарсы митингке шықты – фото

31 шілде 2021, 16:53

Елордада міндетті вакциналауға қарсылық білдірген тұрғындар митингке шықты.  Әлеуметтік желіде қоршауға алынған әкімдік ғимаратының суреті тарады.

 

Қоршалған әкімдік түсірілген сурет Telegram-да жарияланды.

 

 

Әкімдік ғимаратынан бөлек Кенесары хан ескерткішінің маңы да қоршалған.

 

 

Сондай-ақ әлеуметтік желіде әкімдік алдындағы алаңға келген бірен-саран адамды полиция ұстап жатыр деген ақпарат тарады.

 

Әзірге елордалық әкімдік пен полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

 

 

 

sputnik.kz