Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елорда бұрын сатқан көлігін ұрлап кеткен жігіт ұсталды

26 желтоқсан 2022, 18:26

Елорда тұрғыны бұрынғы көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Daewoo Nexia автокөлігін айдап әкетуге қатысы бар 19 жастағы жігітті ұстады.

 

Тергеу барысында көлік құралы бұрын оған тиесілі болғаны анықталды.

 

Бір жыл бұрын жүргізуші шетелдік есепке алынған Daewoo Nexia автокөлігін қазақстандық есепке алынған автокөлікке айырбастаған.

 

Алайда біраз уақыттан кейін қазақстандық есепке алынған автомобиль бұзылып, жүргізушілер арасында жанжал туындаған.

 

Бірнеше күн бұрын автокөлік сату сайтын қарап отырып, жігіт өзінің бұрынғы Daewoo Nexia көлігін сату туралы хабарландыруға тап болған. Көп ойланбастан жүргізуші көлікті ұрлауға шешім қабылдап, жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барған. Қосалқы кілттермен ол көлік құралын іске қосуға тырысқан, алайда көлік оталмағаннан кейін ол манипулятордың қызметін пайдаланған. Кейін көлік оталдырылып, күдікті үйіне жол тартқан.

 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.