Елорда орталығында бейтаныс әйел екі жас қызды соққыға жыққан

29 тамыз 2023, 11:06

Астанадағы аулалардың бірінде белгісіз әйел екі бойжеткенді ұрып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздардың бірінің айтуынша, оқиға тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Бейбітшілік көшесінде болған.

 

Жәбірленуші өзін бейтаныс әйел басы-көзінен төпелеп, қабағын жарып жібергенін жеткізді.

 

Ал Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдай бойынша Сарыарқа аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

 

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz