Оқиға

Елорда тұрғындары өзіне қол салмақ болған бойжеткенді құтқарып қалды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Елорда полициясының 102 нөміріне таңғы сағат 07:20-да бір адамның көпірден секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Куәгер әйелдің айтуынша, киімін шешіп, көпірдің жақтауына таянған бойжеткеннің әрекеті біртүрлі күдік тудырған. Осыған байланысты әйел бойжеткенді әңгімеге тарта бастаған. Осы сәтте оларға жас жігіт жүгіріп келіп, көпірден секірмек болған қызды ұстап үлгерген. Қыз көпірден құлауға сәл-ақ қалған.

 

Осылайша, өмірінен күдер үзген бойжеткен ажалдан аман қалып, құтқаршылары оған басу айтып, полицияға тапсырған.

 

«Мен өзімді керемет батырмын демеймін. Болып жатқан оқиғаны көріп тұрып, дым болмағандай кетіп қала алмадым. Түптеп келгенде өмірдің қандай да бір қиындығына тап болған адамға қол ұшын созу әрбіріміздің парызымыз»,-дейді 28 жастағы қала тұрғыны.

 

«Сізге адам өмірін құтқарып, белсенді азаматтық әрекетіңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді елорда полициясының бастығы Ержан Сәденов Елена Курочкина мен Дархан Жақсылықовқа Алғыс хаттарын табыстай отырып.

 

Баласы Дарханды марапаттау рәсіміне әкесі келіп, елорда полицейлеріне қызметіне табыстар тіледі.

 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31