Оқиға

Елорда тұрғыны полицейлерді үш рет аяғынан тік тұрғызды

  • Елорда тұрғыны полицейлерді үш рет аяғынан тік тұрғызды

    Елорда тұрғыны полицейлерді үш рет аяғынан тік тұрғызды

Бұл факті бойынша да Әкімшілік кодекстің 434-бабы бірінші тармағы (Ұсақ бұзақылық) және 440-бабы бірінші тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтанда әйел бірнеше күн ішінде құқыққа қайшы үш әрекет жасады: дәмханада ақша төлемеген, мүлікті зақымдап, мас күйінде жанжал шығарған. Полицейлер бірнеше әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды sputnik.kz елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

5 ақпанда "Есіл" ауданының полиция басқармасына Сарайшық көшесіндегі қонақ үйдің дәмханасынан хабарлама түсті. Клиент ақша төлеуден бас тартқан. Құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бірінші тармағы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

7 ақпанда Қонаев көшесіндегі қонақ үйде белгісіз біреу мүлікке зақым келтірген. Бұл факті бойынша да Әкімшілік кодекстің 434-бабы бірінші тармағы (Ұсақ бұзақылық) және 440-бабы бірінші тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен әйелге 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынды.

9 ақпанда Қонаев көшесіндегі дәмханада қасында баласы бар мас әйел жанжал шығарғаны туралы хабар келді. Оқиға орнына тәртіп сақшылары аттанды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, әйел орташа дәрежеде мас болған.

Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік өндіріс басталды.

sn.kz




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 00:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30