Оқиға

Елорда тұрғыны телефон ұрлап, оны қардың астына тыққан (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Полиция қызметкерлері жедел ідестіру шараларын жүргізу барысында телефон ұрлығына күдікті 34 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Қазақпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Тергеу кезінде полицейлер ұсталған азаматтың оған дейін медициналық көмек алу үшін ауруханаға барғанын анықтады.

 

Дәрігерді күтіп отырып, ол ауруханада жатқан басқа науқастың өтініші бойынша арбы сырғытқыны медбикелер бөлмесіне алып барған. Медбикелер бөлмесінде ер адам «Samsung» маркалы ұялы телефонның қараусыз қалғанын көріп, осы жағдайды пайдаланып, оны кабинеттен алып шыққан. Ұрлықпен ұсталудан қорыққан күдікті далаға шығып, телефонды қардың астына тығып тастаған.

 

Содан кейін ол дәрігер қабылдауына қайта оралған. Ем қабылдап болғаннан кейін ол үйілген қар астынан жасырған олжасын алып шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

 

Ол ұрлықтың «ізін жасырған», бірақ ер адам аурухана аумағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталғанын және оның әрекеттері камераға түсіп қалғанын байқамаған.

 

 

Күдікті өз кінәсін мойындады. Ер адам бұған дейін жеке мүлікті ұрлағаны үшін сотталған екен.

 

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Ұсталған азаматтың елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 19:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31