Оқиға

Елордада 19 көлік өртеніп кетті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Бұл - небәрі 2 аптада тіркелген дерек, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қынжылтатыны, көлік оталдырамын деп, от жағатындар сонда да сиремей тұр.

 

Темір жанса мейлі ғой, ондайда өмірімен қош айтысып жататындар бар. Сондықтан мамандар көлік қыздыратын кезде аса сақ болуды ескертіп отыр.          

 

Боран басылды. Жүріс-тұрыс бәсеңдегендей болып еді, қазір қайта жанданды. Бірақ табиғат әлі де шәлкез мінезін танытады. Синоптиктер бұрқасын болмаса да, арқаны алдағы күндері аяз қысады деп сендіріп отыр. Ал ондай кезде көлік барлардың біраз титықтап қалатынын білеміз.

 

Қатты аязда көлігі қатып, қара жаяу қалғандар көп. Машинасын осы орталыққа сүйреп келгендері бар..

 

Александр Бойко, көлік жөндеуші:

 

&ndash Қысты күні біздің көмекке жүгінетіндер көп. Өткен аптада келген көліктерді енді жөндеп болдық. Хабарласып жатқандар әлі де бар. Көбі көлігім оталмай қалды.

 

Қазір көлік оталмай қалса не істейді? Аккумуляторын түртпектей бастайды. Сосын басқасына жалғап көреді. Болмаса, от жағып қыздырады. Солай жібітіп алуға тырысып жатады.  

 

Александр Бойко, көлік жөндеуші:

 

&ndash Кейінгі шыққан көліктерде шаңнан қорғайтын пластик болады. Оны көп жүргізуші көрмейді. Сөйтіп, абайсызда жандырып алады. Ондай кезде өртті сөндіру тіпті қиын.

 

Жыл басталғалы елорданың өзінде 19 көлік өртеніп кеткен.

Ал елде жыл сайын 2 мыңнан аса жағдай тіркеледі. Қатты аязда көлік қыздыратындар да көбееді. Интернетті ашып қалсаң, солардан көз сүрінеді. Бағасын білмекке біреуіне хабарласып көрдік.

 

 Сергей, көлік қыздырушы: 

 

- Бағасы жұмыстың күрделілігіне байланысты. Орта есеппен он мың теңге аламыз. Тапсырыс көбейген кезде бағасын өсіретіндер бар. Қазір тапсырыс көп емес. Ал аязды күні күніне 15 адам хабарласады.

 

Бұлар да әккі болып алған. Қазір ғой 10 мың теңге деп мізбақпай тұрғаны. Қатты суық келсінші, бірден қымбаттатады. Міне, осындайларға ұрынып қалмау үшін кейбір жүргізуші былай сақтанады.  

 

БЛИЦ:

&ndash Көлігімді кешке жақын есік алдына қоямын да, аккумуляторды үйге кіргіземін. Таңертең сөйтіп оталдырып жүрдім.

 

&ndash Түнде көлікті 1-2 рет оталдырып тұру керек. Сонда таңертең көлік оталады.  Аккумуляторды киізге орап тастайтындар бар. Ол да жақсы. Ал ең дұрысы &ndash ерте қамдану ғой. 

 

Александр Бойко, көлік жөндеуші:

 

&ndash Аяз басталмай тұрып, көліктің аккумуляторын тексеріп алған дұрыс. Ақша болса, жаңасын алған жөн. Сосын майын ауыстыру керек. Көлік майы қоюланып кетсе, тез қатады. Қысқа өзіміз қалай қамдансақ, көлікті де тап солай дайындауымыз керек.

 

Әлгінде айттық, алдағы күндері арқаны аяз қысады. Қамсыз жүргендерге құлаққағыс болсын. Қамданыңыздар. Сықырлаған сары аяз әуре-сарсаңға салып жүрмесін.

 

 

 




Көрілген: 189    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 09:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31