Елордада алтыншы қабатындағы пәтерге кран құлады

28 сәуір 2022, 17:12

Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтер ішіне терезесінен автокранның ілгегі құлды. Бұл туралы «Хабар 24» тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

 

Төтеншеліктердің мәліметінше, 28 сәуір күні сағат 14.26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты. Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды. Оқиға орнына өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілді.