Елордада баланы итеріп, үстінен аттап өткен әйел адам іздестіріліп жатыр

23 шілде 2022, 16:38

Нұр-Сұлтандағы бизнез орталықтардың бірінде болған оқыс жағдай желіге тарап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Әйел адам анасымен бірге ғимараттан шығып бара жатқан баланы құлатып, үстінен аттап, қарайламастан өтіп кетті.

Баланың анасының айтуынша, ондағы күзет болған жайтқа ешқандай шара қолданбады. Сондай-ақ, ол баласының психологиялық жарақат алып, қатты зардап шеккенін айтты. Болған жағдайға тіпіт, полиция да назар аудармаған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта әйелдің жеке басын анықтап жатыр. Тапқан жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.