Елордада екі бала Есілге батып кетті

29 мамыр 2022, 17:37

Өзеннің жағасында балаларға тиесілі киімдер мен заттар табылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

29 мамыр түскі уақытта "112" пультіне Бейсеков көшесіндегі көпір маңында екі жасөспірімнің суға батып кеткені жайлы хабар келіп түскен.

 

 

 

Құтқарушылар жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісіпті. Сүңгуірлер өзен түбін мұқият зерттеп, судан кәмелетке толмаған бір ер баланың денесін алып шыққан. Бірнеше минуттан кейін екінші ер баланың да өлі денесі табылыпты.

 

Жасөспірімдердің жеке басын полиция анықтауда.

 

Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға өте сақ болып, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді. Әсіресе, жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін ескертеді.

 

Бүгінгі күні елордада шомылуға рұқсат етілген үш орын белгіленген. Олар — орталық саябақ, "Три пескаря" және "Астаналық аула" демалыс аймақтары.