Оқиға

Елордада ер адам 5-қабаттан секірген баланы құтқарып қалды (видео)

  • © CC0

    © CC0

Желіде елорда тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевтың өрт шыққан үйде жалғыз қалып қойған баланы құтқарған сәті түсірілген видео пайда болды.

 

Видеоны төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли YouTube-те жариялады.

 

Кадрдан бесінші қабаттағы пәтердің өртке оранғаны көрінеді. Ер адам төртінші қабаттағы пәтердің терезесі арқылы баланы қағып алған. Ал сырттағы адамдар баланы қағып алу үшін көрпе жайып тұрғанын байқауға болады.

 

 

Бұған дейін қала тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевтың өрт кезінде бесінші қабаттан секірген баланы қағып алғаны хабарланды.

 

Өрт 23 сәуірде күндіз екілер шамасында Петров көшесіндегі 5-үйде болды. Отқа оранған пәтерде бала үйде жалғыз қалған.

 

 

Қыпшақбаев баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген. Ол бірден оны құтқаруға кірісті.

 

Осыдан кейін төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Қыпшақбаевқа алғыс айтып, "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстады.

 

Айта кетейік, 34 жастағы Ақылбек Қыпшақбаев Шымкент қаласының тумасы, төрт баласы бар.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 20:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30