Оқиға

Елордада ер адам жедел жәрдемге шабуыл жасады

  • © Elorda aqparat мұрағатынан

    © Elorda aqparat мұрағатынан

Полицейлер жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«21 тамыз күні сағат 03.20 шамасында жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға бара жатып, жолда жатқан адамды байқаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетпек болғанда, ер адам оларға бас салған. Өзін агрессивті түрде ұстап, жүргізушіні бірнеше рет ұрып жіберген. Сондай-ақ, дәрігерлер бригадасына шабуыл жасамақ болып, жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген», - делінген департаменттің хабарламасында.


Шұғыл түрде жеткен полиция жасағы ер адамды ұстап, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізді.


Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 28 жастағы азамат мас күйінде болған. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 13:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30