Оқиға

Елордада жол апатынан қаза тапқандар жайлы мәлімет шықты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері үш автобустың соқтығысу салдарынан қаза тапқандар туралы жаңартылған мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазіргі уақытта 27 адам зардап шекті, екі адам қаза тапты. Бұл ер адам - 66 жастағы автобус жүргізушісі және 26 жастағы қыз - автобус жолаушысы", - деді елордалық әкімдік өкілдері.



"Астана LRT" өкілдері қайтыс болған жүргізуші туралы айтып берді. "Жалпы еңбек өтілі - 8 жыл, 8 ай. Біздің автопаркте ол 2017 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп келді. Осы уақытқа дейін оның мінездемесі жақсы болды, сабырлы, жол-көлік оқиғаларына ұшырамаған, жолаушылар тарапынан оның жұмысына сын айтылмаған. Бұл № 303 бағытта жүретін автобустың жүргізушісі", - деді "Астана LRT" компаниясы баспасөз қызметінің өкілі Науат Азанбаева.


Қала әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккен 25 адам №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, оның төртеуі ауыр халде. Үш науқасқа ота жасалып жатыр, тағы үшеуі интенсивті терапия бөлімінде жатыр.


Сонымен қатар, №1 қалалық ауруханаға бір зардап шеккен адам (ЖМК фельдшері) жеткізілді, ол нейрохирургия бөлімшесіне (ЖМКК) жатқызылды. Орталық жол ауруханасына бір адам (ЖМК фельдшері) тізе жарақатымен ауруханаға жеткізілді, жағдайы қанағаттанарлық. Амбулаторлық емдеуге жіберілді.



Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, осы оқиғаға 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен Апаттар медицина орталығының 1 бригадасы жұмылдырылған. Бригада жұмысын жалғастырып жатыр.



Осыған дейін екі адам қаза тауып, 25 адам зардап шеккені туралы айтылды. 26 наурызда Ұлы Дала көшесімен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус пен жеңіл автокөліктердің соқтығысты. Қала маңындағы № 303 маршрут автобусы № 12 маршрут автобусымен соқтығысқан.


 




Көрілген: 1920    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30